Мақсат: АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету үшін клиникалық және профилактикалық практикаға ҚДП-ны кеңінен және негізделген енгізуге ықпал ету, АИТВ-инфекциясының қатынасуға дейінгі профилактикасы мәселелері бойынша тыңдаушылардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыру.
Курс Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен ECOM ұйымы бірлесіп, Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) өңіріндегі негізгі халық топтарына арналған қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған «#iSoS: Қуаттандыру және инновациялар» өңірлік жобасы аясында әзірленді. Жоба МБҚ «Қоғамдық денсаулық альянсы» басқаруымен ұйымдар консорциумы арқылы жүзеге асырылады және ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың қаржылық қолдауымен іске асады.
Курс Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына енгізілген
ҚДИАҒО тарапынан үйлестіру:
Турдалиева Ботагөз Саитқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПМҒА академигі, ғылыми қызмет және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.
ЕКОМ тарапынан үйлестіру:
Елена Герман, әлеуетті дамыту жөніндегі координатор.